Нұр-Сұлтанда қоқыс шығару тарифі еке есе қымбаттайды деп күтілуде

Күні: 18:26, 30-10-2019.

Астана. 30 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Нұр-Сұлтанда қоқыс шығару тарифі еке есе қымбаттайды деп күтілуде, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тариф қазір Астанада талқылануда. Тарифті қайта қарап жатыр, Т466 болады. (…) Т248 бұл өте төмен ақы, ол тіпті операциялық шығындарды да жаппайды. (…) Т248 – біздің қорқысты қайта өңдеушілердің қалай күнкөріп жүргендеріне таңым бар», - деді сәрсенбі күні «Қалдықтарды кәдеге жарату саласындағы Қазақстан стратегиясы» форумында эколог Лаура Маликова.
Ол атап өткендей, қатты тұрмыстық қалдықтары (ҚТҚ) шығару және қайта өңдеу саласын «үлкен көлемде субсидиялайтынын» тілге тиек етті.
«Жәй мембюджеттен ақша алады, немесе ӨКМ (өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің операторы – ҚазТАГ) ҚТҚ -ға арналмаған ақшадан субсидиялайды», - деді Маликова.


Жаңалықтармен бөлісу: