Астана. 1 сәуір. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Нұр-Сұлтанда қолданылып жатқан дезинфекциялық құралдар адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз, деп мәлімдеді елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.
«Дезинфекциялау жұмыстары «Базовый комплект спецобработки БКС-5» және гипохлорид натрия құралдарымен жүгізілуде. Қолданылып жатқан дезинфекциялық құралдар микропқа, вирусқа қарсы қолданылады және емдік-профилактикалық мекемелерді, коммуналдық қызмет нысандарын, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары мен қоғамдық тамақтану орындарын, сондай-ақ сауда нысандарын дезинфекциялауға арналған. Олар барлық адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз болып табылады», - деді Қайсағалиев сәрсенбідегі брифингте.
Сонымен қатар, ол нақтылағандай, қала базарларын, медмекемелерді, сауда орталықтарын, блокбекеттерді, мешіттерді, кварталішілік аумақтарды, подъездер мен жеделсатыларды күн сайын 10 бағыт бойынша дезинфекциялап отырады, ол үшін дезқұралдар жеткілікті деңгейде сатып алынды.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 372 жағдайы тіркеліп, 26-сы жазылып, үш адам көз жұмды.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51