Астана. 12 шілде. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда ондаған көп балалы ана министрлер кабинетінің ғимаратына талаптарын айтып келді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Әйелдер оларды тұрғын үймен қамтуды талап етуде. Оқиға орнында полицейлер көптеп жиналған, автобустар саны да көп. Күш құрылым иелері үкімет үйі мен Ақорда арасындағы жолды жауып тастаған. Әйелдер қоршауға алынған, олар Нұр-Сұлтанның жаңа әкімі Алтай Көлгіновпен кездесуді талап етуде, ал ол сол жердегі шенеуніктрдің айтуынша, министрлер үйіне келген және әйелдермен ғимарат ішінде кездесуді «күтіп отыр».
«Неге әкім бізге шықпайды? Мына жерге келсін, өзін көрсетсін!» - дейді әйелдер.
Әйелдерге Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен шықты, ол әкімнің көшеге шықпайтынын мәлімдеп, көп балалы аналардың кабинетке кіруін өтінді, алайда олардың көбі кіруден бас тартқан.
Бұған дейін хабарлағандай, ондаған әйел алдымен Ақорда ғимаратына келді, сосын үкімет пен парламент арасындағы алаңға көшті.
Көпбалалы аналар қордаланып қалған проблемаларының шешімін табуды, баспанаға қатысты бұған дейін берілген уәделердің орындалуын талап етуде.
Олармен кездесуге Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов, вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова, сондай-ақ, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев келді. Олар әйелдерге әрқайсысының проблемасын жекелей қарастыру үшін ішке біртіндеп кірулерін сұрады, алайда көп балалы аналар Тоқаев, Назарбаев пен Мамин олармен кездесуге шықпайынша ешқайда кетпейтіндерін айтып, олардың ұсыныстарынан бас тартты.
Көп балалы аналар айтқан проблемалар қашан шешімін табады деген сұраққа билік өкілдері проблемалардың кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын мәлімдеді. Алайда әйелдердің өздері ол мәлімдемені теріске шығарып, ешқандай проблеманың шешілмегенін атап айтуда.
Көп балалы аналардың азаматтық акцияларға қатысуы Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққаннан кейін жиілеп кеткен. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған. Көптеген қазақстандықтың пікірінше, егер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай түнгі ауысымдағы жұмысқа бару үшін балаларын қараусыз қалдыруға тура келмейтіндей жағдай жасаса ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде азаматтардың жұмысқа орналастыру және жалақыларын көтеру туралы жаппай талап қоюы, сондай-ақ ірі қалалардағы, соның ішінде Астана мен Алматыдағы көп балалы аналардың митинг өткізуі халықтың көңілі толмаушылықтың нәтижесі болып отыр.
Осы жағдайларға байланысты Назарбаев экс-премъер Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметті отставкаға жіберді. Жаңа үкіметті бұрынғы бірінші вице-премьер Мамин басқарды.
Қатысты сілтемелер
-
Сейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде19 Наурыз 2024, 08:50
-
Тоқаев Қазақстанның креативті индустрия өкілдерімен кездесті18 Наурыз 2024, 17:47
-
Түркістан облысында 30 жастағы қыз құдықтың құбырына құлап кеткен18 Наурыз 2024, 17:39
-
Тоқаев Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады18 Наурыз 2024, 16:17