Нұр-Сұлтанда қорғанысмині үстінен ұшып жүрген квадрокоптердің иелері ұсталды

Алматы. 7 тамыз. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда қорғанысмині үстінен ұшып жүрген квадрокоптердің иелері ұсталды, деп хабарлады қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметінен.
«Бүгін Қорғаныс министрлігі ғимаратының бақылау-өткізу пунктінің аумағында басқарусыз ұшу аппараты (квадрокоптер) анықталды. Ғимаратты қорғау жөніндегі әскери полиция тобы квадрокоптер иелерін ұстады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, ұсталғандар Нұр-Сұлтан қалалық Есіл ауданы полициясы басқармасының патрульдік қызмет мамандарына тапсырылды.
«Қорғаныс министрлігі дрондардың иелеріне «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңымен реттелген әуе кеңістігін пайдалану ережелерін, сондай-ақ дрондарды пайдалану ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Әскери объектілердің үстімен квадрокоптерлерді рұқсатсыз ұшыру – ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚК 563-бабына сәйкес, құқық бұзған жеке тұлғаларға 10 АЕК, ал лауазымды тұлғаларға 20 АЕК айыппұл салынады. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңының 33-бабының 3-тармағына сәйкес, ерекше қорғалатын әскери объектілердің үстінен арнайы құрылғыларды ұшыру үшін мемлекеттік күзет қызметінің келісімі керек. Қазіргі таңда заңға қайшы әрекеттері үшін басқарусыз ұшатын құрылғы арнайы жолмен залалсыздандырылып, иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді қорғаныс минінен. 

adimage