Нұр-Сұлтанда Қостанай облысы бойынша ҚАЖД бастығы орынбасарының өліміне байланысты тергеу амалдары басталды

Күні: 12:20, 27-09-2019.

Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда Қостанай облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Александр Глазконың өліміне байланысты тергеу амалдары басталды, деп хабарлады Қазақстаның ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметінен.
«26 қыркүйекте Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі А.И.Глазко Нұр-Сұлтанда іссапарда жүріп, көз жұмды. Қазіргі таңда аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады жұма күні ҚАЖК-нен.
Қостанай облысының жергілікті БАҚ ақпары бойынша өңірдегі ҚАЖД бастығының орынбасары елордадағы қонақүйлердің бірінде өз-өзіне қол жұмсаған-мыс.
Глазко 2017 жылдың ақпан айынан бастап Қостанай облысында ҚАЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған.


Жаңалықтармен бөлісу: