Нұр-Сұлтанда психдиспансерден қашып кеткен тергеу бойынша қамауға алынған күдікті ұсталды

Астана. 10 қазан. ҚазТАГ - Нұр-Сұлтанда психдиспансерден қашып кеткен тергеу бойынша қамауға алынған күдікті ұсталды, деп хабарлады елорданың полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«Сағат 22.40-та Нұр-Сұлтандағы ПД полицейлері шұғыл-іздестіру шаралар кешенін жүргізу барысында тергеу бойынша қамауға алынған (ҚР ҚК 120 бабы (зорлау) - ҚазТАГ), 9 қазанда сағат 12.22-де Жансүгіров көшесіндегі бойындағы психо-неврологиялық диспансерден қашып кеткен күдікті ұсталды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Департаментте атап өткендей, күдікті тергеу изоляторына тоғытылды.
«Тексеру жүргізілді», - делінген хабарда.

adimage