Астана. 13 тамыз. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Нұр-Сұлтанда құрылыс көлемінің төмендегені байқалуда, деп мәлімдеді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр.
«Құрылыс көлемінің индексі 2019 жылдың қаңтар-шілдесінде 111,5% құрады. Сегіз өңірде оң динамика байқалуда. Олардың ішінде Қызылорда (275,5%), Қарағанды (193,6%), Атырау (129%) көш бастап тұр. Көрсеткіш үш өңірде төмендеген: Маңғыстау (-30,4%) облысы мен Нұр-Сұлтан (-12,5%) және Шымкент (-34,4%)», - деді сейсенбідегі үкімет отырысында Скляр.
Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанда баспана құрылысы бойынша қарқынның төмендеуі байқалуда. «Жеті айдың қорытындысы бойынша баспана құрылысы жөнінен 6,5 млн. ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілген. Барлығы республика бойынша 55 849 бірлік тұрғын үй (соның ішінде 24 013 жеке тұрғын үй). Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша Түркістан (130,9%), Қызылорда(128,7%), Қостанай (118,6%) облыстары көш бастап тұр. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша Маңғыстау облысында (87,7%), Нұр-Сұлтанда (64,1%) көрсеткіштің төмендеуі байқалуда», - деп атап өтті Скляр.
Бұл ретте ол атап өткендей, «аталмыш әкімдіктерге өз жұмыстарын жандандыру керек».
.
.
Нұр-Сұлтанда құрылыс көлемінің төмендегені байқалуда
