Нұр-Сұлтанда саяси белсенді тергеу изоляторында көз жұмды

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ - Нұр-Сұлтанда саяси белсенді Дулат Ағеділ тергеу изоляторында көз жұмды, деп хабарлады елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторына кеше жеткізілген аз. Дулат Ағеділ 1977 ж.т. қайтыс болды. Д.Ағеділге қатысты сотты сыйламау, сотты, сот отырысына қатысушыларды қорлау түрінде қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалған болатын» - делінген сейсенбідегі хабарда.
Ведомствода атап өткендей, «ағымдағы жылдың қаңтарында ол сырттай айыпты деп танылып, оған қатысты ешқайда шықпау туралы бұлтартпас шарасы тағайындалған еді».
«Оның келмеуіне және тергеу амалдарын жүргізуге қатысудан бас тартуына байланысты оған сот бұлтартпас шарасын қамауға алуға өзгерткен еді. Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Д.Ағеділ сағат 21.00-де үйінен ұсталып, ары қарай тергеу изоляторына жеткізілді. Ол жеткізілген тергеу изоляторының камерасында одан басқа тағы төрт адам болған, олар аз.Ағеділге ақтысты күш қолдану фактісінің болмағанын айтуда», - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан ПД.
Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, департаментте айтқандай, «ұстау кезінде ол алкогольдік масаң күйде болған».
«Оның қайтыс болғанын оқиға орнына жеткен жедел медициналық көмек бригадасы нақтылаған. Қайтыс болуының алдын-ала себебі: «Өткір жүрек - қан тамырларының жетіспеушіліг». Марқұмның денесінде қандай да бір дене жарақаттары болмаған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген хабарда.
Қазақстанда Демократиялық партияны құруға бастама жасаушы Жанболат Мамайдың айтуынша, Дулат Ағеділді кеше кешкісін ұстаған.
«Видеода құқыққорғау органы қызметкерлерінің оны үйінен алып бара жатқандары түсірілген. Ағеділ өзі киінген, оның мас екені байқалмайды. Ал бүгін азаматтық белсендінің тергеу изоляторында жүрегі ауырғандықтан және мас күйде болғандықтан қайтыс болғандығы туралы ақпар тарады. Ресми ведомствоның бірде-бір сөзіне сенбеймін: жап-жас, дені сау 40-тағы жігіт ойда-жоқта қалай қайтыс болады? Егер үйінде солай болған болса жарайды. Алайда ол тергеу изоляторында өліп отыр ғой, оның өміріне бұл жерде құқыққорғау органдары мен тергеу изоляторының басшылығы жауапты емес пе», - деді ол.
Мамай Ағеділдің қылмыскер емес екенін атап өтті.
«Ол қылмыскер емес. Ол белсенді азаматтық ұстанымы бар адам, митингтерде сөз сөйлеп жүрді, Назарбаевтың саяси режиміне көңілі толмайтындығын білдірді. Демек оның өлімі – бұл саяси іс. Ағеділдің өліміне қатыстылардың барлығы қылмыстық жауапқа тартылулары керек, оның үстіне оны қамауға алу туралы бұйрық бергеннің есімі атылсын. Дулат Ағеділдің өлімі Қазақстандағы азаматтық белсенділерге қарсы ашық террорды білдіреді», - деді Мамай.

adimage