Нұр-Сұлтанда үшінші автопаркте 50 шақты жүргізуші жетіспейді

Астана. 15 қазан. ҚазТАГ - Махамбет Абжан. Нұр-Сұлтанда «№3 Автобус паркі» ЖШС-де 50 шақты жүргізуші жетіспейді, деп мәлімдеді автопарк директоры Бауыржан Тлеубергенов.
«Менің кәсіпорныма 50 шақты жүргізуші жетіспейді. Бүгінгі таңда (жүргізуші жалақысы – ҚазТАГ) Т250-Т400 мың аралығында. Әсіресе D санатты жүргізушілер тапшы болып отыр», - деді Тлеубергенов сейсенбі күні «Қоғамдық көлік: даму реформасы және жолдары» конференциясының кулуарында.
Автобус жүргізушілерінің жетіспеушілігін ол халықтың Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне қайта көшіп жатқанымен түсіндірді.
«Қалада (жүргізушілер – ҚазТАГ) жетіспейді, себебі сіздер білесіздер, оңтүстік өңірлер де қазір үйренуде, мегаполистер дамуда, автопарктер ашуда. Және оңтүстіктен келген жүргізушілер кері үйлеріне қайтып жатыр. Соның салдарынан тапшылық орын алып отыр», - деді Тлеубергенов.

adimage