Нұр-Сұлтанда, Шымкент пен алты облыста дауылды ескерту жарияланды

Күні: 11:16, 29-07-2019.

Астана. 29 шілде. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда, Шымкент пен алты облыста дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«29 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с. Нұр-Сұлтан қ: 29 шілдеде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«29 шілдеде таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Шымкент қ.: 29 шілдеде таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Түркістан қ.: 29 шілдеде кей уақытта шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«29 шілдеде Қостанай облысында кей жерлеріңде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде түнде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с. Қостанай қ: 29 шілдеде найзағай, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді «Қазгидрометте».
Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«29 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 29 шілдеде найзағай, күндіз дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«29 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Орал қ.: күндіз 28 шілдеде найзағай, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: