Нұр-Сұлтанда Солтүстік жағалауда екі аптаға көшелер ішінара жабылады

Астана. 5 маусым. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда Солтүстік жағалауда екі аптаға көшелер ішінара жабылады, деп хабарлады елорда әкімінің ресми интернет-ресурсынан.
«Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасымен бірге, автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Сауран көшесіне дейінгі учаскеде Алматы көшесі бойынша жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың маусым айының 5-нен 18-не дейінгі мерзімде көрсетілген учаскеде ішінара автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады», - делінген хабарда.
Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет.

adimage