Нұр-Сұлтанда сот залынан жанжалды видео бөліктерін жариялағандары үшін адвокаттарды лицензияларынан айырды

Астана. 26 ақпан. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда сот залынан даулы видео бөліктерін жариялағандары үшін адвокаттар Аманжол Мұхамедияров пен Ерлан Ғазымжановты лицензияларынан айырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Сарыарқа аудандық соты әділет министрлігінің мені адвокаттық лицензиямнан айыру туралы талап-арызды қанағаттандырды», - деді Ғазымжанов сәрсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осындай шешімді Есіл аудандық соты Мұхамедияровқа қатысты да шығарған.
Еске салсақ, 14 қаңтарда Нұр-Сұлтанда сот залынан жанжалды видеоны – судьялардың бірінің әдепсіз әрекеті көрсетілген аудио-видеофиксация фрагменттерін әлеуметтік желіде жариялаған екі адвокаттың соты басталған еді.

adimage