Нұр-Сұлтанда студенттік жатақханаларға деген қажеттілік 18 мыңдай орынды құрап отыр

Күні: 14:27, 29-04-2019.

Астана. 29 сәуір. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Нұр-Сұлтанда студенттік жатақханаларға деген қажеттілік 18 мыңдай орынды құрап отыр, деп мәлімдеді білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бізде 17 636 орын қажет, 16 учаске бөлінген, екі жобалық-сметалық құжаттама әзірленген және бес ЖСҚ әзірлену үстінде, 710 орынға екі шарт жасалды және 4964 орын бойынша бес шарт келіссөздер жүргізу кезеңінде», - деді Асылова дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ,ол атап өткендей, елордалық оқу орындарының бірнеше жатақханаларының құрылысы және қайта салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«ҚазМЗУ университетінің жатақханасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 370 орындық жатақхана салынуда, ағымдағы жылы ол пайдалануға беріледі. 340 орындық басқару колледжі жатақханасын қайта салу жұмыстары жүргізілуде, ол да биыл пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, ІІІ тоқсанда үш жатақхана қайта салынады- бұл басқару колледжі, Астана Медициналық университеті, сонымен қатар Еуразия ұлттық университетінің құрылысы басталуда», - деді вице-министр.


Жаңалықтармен бөлісу: