Нұр-Сұлтанда суға батып бара жатқан қыз баланы құтқарған әскери қызметкер қайтыс болғаннан кейін марапатталды

Астана. 30 мамыр. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда суға батып бара жатқан қыз баланы құтқарған әскери қызметкер Ерлан Раимқұлов қайтыс болғаннан кейін марапатталды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Адам өмірін құтқаруға қатысты сын сағаты соққан кезде ерлік пен қайсарлық танытқаны үшін кіші сержант Райымқұлов Ерлан Тоқтарбайұлы қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен, өз өміріне төнген қауіпті елемей, адам өмірін құтқаруда батылдығы мен жанқиярлығы, жанкештілігі үшін «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталсын», - деді Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын оқыған бас штабтың бастығы - ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Н.Мұқанов бейсенб күні.
Марапатты қайтыс болған әскери қызметшінің зайыбына ӘҚК Бас қолбасшысы, авиация генерал-майоры Н.Карбенов табыстады.
Еске салсақ, 10 мамырда түске дейін Нұр-Сұлтанда я в первой половине дня в Нур-Султане в районе садоводства «Газмашаппаратура» ауданында 12 жсар қыз бала суға секірген, қасында оның иті болған. Бала суға бата бастаған. Суға батып бара жатқан баланы көрген Ерлан Раимқұлов еш ойланбастан қызды құтқаруға кіріскен. Өкінішке орай өзі судан шыға алмай қалған. Ерланның артында әйелі мен екі кәмелетке толмаған баласы қалды.


adimage