Нұр-Сұлтанда тұрғын үйлердегі лифтіні қолданғаны үшін төлем жасау қағидасын өзгерту жоспарлануда

Астана. 13 қаңтар. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда тұрғын үйлердегі жеделсатыны қолданғаны үшін төлем жасау қағидасын өзгерту жоспарлануда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Атап айтсақ, елорда билігі ұсынып отырған түзетулерге сәйкес коммуналдық қызметті ұсыну қағидаларындағы «Лифтiнi пайдаланғаны үшін төлем 1-ші, 2-ші қабаттағы тұрғындардан басқаларының бәрiнен алынады» деген тұжырымдаманың орнына «Лифтiнi пайдаланғаны үшін төлем Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес алынады» деген тұжырымдама пайда болуы мүмкін.
Атап өтелік, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңда лифтіні қолдануға қатысты бірінші және екінші қабат тұрғындары үшін төлем мәселесінде ерекшелік жоқ.

adimage