Нұр-Сұлтанда «төрт рет демалғанда КВИ анықталатын» аспапты сынап көру басталды

Астана. 7 шілде. ҚазТАГ - Нұр-Сұлтанда «төрт рет демалғанда КВИ анықталатын» аспапты сынап көру басталды, деп хабарлады «Время» басылымы.
«Нұр-Сұлтанда КВИ анықтайтын мүлде жаңа аспапты сынап көру басталады, соның арқасында Қазақстандағы барлық халықты екі апта ішінде тестіден өткізу мүмкін болады, деп мәлімдеді әзірлеушілер», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, аспапты сынақтан өткізу 6-7 шілдеде елордалық ауруханалардың бірінде басталады, ол жерде 400 еріктіге жаңа аспаппен қатар оның нақтылығын тексеру үшін дәстүрлі ПТР-тестілеуі де жүргізілетін болады. Осындай экспериментті АҚШ-та, Бразилия мен Нидерландыда өткізуде, ал Финляндияда ол аяқталды.
Аспапты ойлап тапқандардың айтуынша, сынама алу үшін төрт рет демалу жеткілікті, сосын ақпарат аспаптан серверге беріледі, ол жерде жасанды интеллект ағымдағы көрсеткішті жиналған эталонды сынамалармен салыстырады.
«Осының барлығына бар-жоғы екі минут кетеді – сөйтіп нәтижесі дайын болады. Құрал кәдімгі тоқпен немесе батарейкамен жұмыс жасайды және ғаламторға қосулы болуы керек (әдеттегі ғаламтор жарайды, себебі ауыр файлдарды жолдау талап етілмейді)», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Хельсинкиде сынақтың алғашқы нәтижелері ғалымдарды таң қалдырған: аспап дені сау және науқас адамдар тынысының үлгілерін 99,9% дәлдікпен анықтайды, бұл ретте құрал вирустың бар-жоғын анықтап қана қоймайды, антиденені де анықтайды, яғни ол адамның COVID-19 дертімен ауырған-ауырмағанын да айқындайды.
«Және маңыздысы: ПТР-тестінің тазалығы үшін үш сағат бойы тамақ жеуге, ішуге, темекі тартуға және вирусқа қарсы дәрілерді қабылдауға болмайды, яғни ондай ешқандай талап жоқ. Басқа сөзбен айтқанда, яғни «өз тынысын тапсыруға» арнайы дайындалудың керегі жоқ», - делінген хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, «жасанды иіскегішті» финдік елорданың зертханасында швейцарлық профессор Ристо Ораваның – әлемдегі жоғары энергия физикасы саласындағы жетекші мамандардың бірі, 2009 жылдан бергі Нобель комитетінің мүшесінің басшылығымен әзірлеген. Оның командасында әлемнің түкпір-түкпіріндегі 30 инженер мен дәрігерлер, соның ішінде жас қазақстандық 23 жасар ғалым Бахтияр Ажкен де бар.


adimage