Астана. 4 қараша. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда «Технодом» мен «Мечта» дүкендерінде SIM-карталарды сатуда бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінен.
«ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті абонентке тіркеусіз сим-картаны таратқан ұялы операторлардың кейбір дилерлеріне қатысты тексеруді аяқтады. Нәтижесінде, 4 сауда нүктесіне, соның ішінде "Технодом" және "Мечта" электроника дүкендеріне айыппұл салынды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Ведомствода нақтылағандай, жоспардан тыс тексерулер Министрліктің Телекоммуникациялар комитетіне қазақстандықтардан келіп түскен шағымдар негізінде жүргізілді.
«Тексерулер нәтижесінде сим-карталардың операторға немесе дилерге алдын ала тіркеліп таратылғаны анықталды. Сондай-ақ, азаматтарға сим-карталарды өз атына тіркеу ұсынылмаған.Телекоммуникациялар комитеті елімізде 42 млн. сим-карта сатылғанын анықтады. Егер оларды ел халқының жалпы санына бөлсе, әрқайсысына 2-3 абоненттік нөмірден келеді», - деді ЦДИАӨМ.
Бірақ, ведомствоның ақпарынша, «іс жүзінде бәрі басқаша».
«Жақында іске қосылған арнайы сервис арқылы азаматтар бірнеше мың нөмірдің иесі екенін анықтауда. Әрине, бұл азаматтар сол нөмірлер арқылы кімнің, қайда және не үшін қоңырау шалғанынан хабарсыз. Сол себепті, байланыс операторына хабарласып, белгісіз нөмірлерді бұғаттайды. Ал, бұғатталған сим-картаны пайдаланушылар байланыссыз қалады. Сондықтан да біз қазақстандықтардың құқықтарын қорғау үшін осындай тексерулер жүргізу қажет деп есептейміз», - деді комитет төрағасы Виталий Ярошенко.
Сонымен қатар, министрлік өкілі бұл мәселеде азаматтардың да жауапкершілік танытуы маңызды екенін атап өтті.
«Абоненттік нөмірді сатып алған кезде азаматтар шарт жасауды талап етуі, өз мүдделерін қорғауы тиіс. Өйткені дилерлер көбінесе өз әрекеттерінің заңсыз екенін біледі және азаматтардың аңғалдығын пайдаланады. Сондықтан, сим-картаны сатып алу барысында тіркеуді ұсынбаса өзіңіз талап етіңіз», - деді Ярошенко.
Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы «заңсыз» сим-карталар нарығын жою жөніндегі жұмыстардың жалғасатынын айтты.
Еске салсақ, 2019 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу процесі аяқталған. Қазіргі уақытта барлық ұялы телефондар SIM-карта иелерінің ЖСН-на тіркелген. 2018 жылдың ішінде абоненттер өз ЖСНын SMS хабарламамен жіберу арқылы тіркемеген телефондар жұмыс істеп тұрған сим-картаға автоматты түрде (2019 жылғы 1 қаңтарда) тіркелген болатын.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34