Нұр-Сұлтанда Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде

Астана. 24 қаңтар. ҚазТАГ - Нұр-Сұлтанда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Үкімет отырысында Тоқаев президенттігінің бірінші жылы - 2019 жылғы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы жасалады деп күтілуде.
Еске салсақ, 2019 жылдың 19 наурызында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқаратын болды. 9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді.
9 маусымда Қазақстанда президент сайлауы өтті. Президент болып Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды, Оны ұлықтау рәсімі 12 маусымда болды.

adimage