Нұр-Сұлтанда Әуезов пен Сығанақ көшелері жабылады

   Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда Әуезов пен Сығанақ көшелері жабылады, деп хабарлады елорданың ішкі саясат басқармасы.
   «19 тамыз бен 21 тамыз аралығында Сәкен Сейфуллин көшесінен Әліби Жангелдин көшесіне дейінгі учаскеде көліктердің қозғалысы толығымен жабылады. 19 тамызда М-3 Арыс көпірінен Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде көліктердің қозғалысы жартылай жабылады», - делінген жұма күні таратқан хабарламада.
  Ведомствода нақтылағандай, аталған учаскелерде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны белгілі болды.

adimage