Нұр-Сұлтандағы екі қабатты коттеджден өрт шықты

Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтандағы екі қабатты коттеджден өрт шықты, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«16 сәуірде сағат 15.53-те Нұр-Сұлтан қаласындағы ТЖД «101» тетігіне Есіл ауданы Үркер ықшамауданында орналасқан екі қабатты коттеджден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелеріің күшімен тілсіз жау 16.32-де ауыздықталып, 17.01-де толық сөндірілген. Өрт алаңы 200 ш.м. құраған», - деп хабарлады сейсенбіде ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмеов.
Ол нақтылағандай, өртті сөндіруге елорданың ТЖД өрт сөндіру техникасының үшеуі мен жеке құрамдағы 22 адам жұмылдырылған.

adimage