Нұр-Сұлтандағы көлік шеберханасында алапат өрт болды

Астана. 25 сәуір. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтандағы көлік шеберханасында алапат өрт болды, деп хабарлады ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«25 сәуірде сағат 13.46-да Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «101» тетігіне Республика даңғылында орналасқан Gt-Motors көлік шеберханасында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Шеберхана төбесінің 150 ш.м. ағаш құрылымы мен жылытқыштары өртенген. Өрт сағат 14.19-да ауыздықталып, 14.37-де толық сөндірілді», - деді бейсенбіде ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Ол нақтылағандай, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
«Өрт сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамдағы 21 қызметкері мен төрт бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - деді Нұрахметов.

adimage