Нұр-Сұлтандағы мектептерде орын тапшылығы 25 мыңды құрайды

Астана. 8 қазан. ҚазТАГ - Махамбет Абжан. Нұр-Сұлтандағы мектептерде орын тапшылығы 25 мыңды құрайды, деп мәлімдеді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
«Білім беру саласындағы басты міндет мектептердегі орын тапшылығын шешу болып табылады. (…) Тапшылық 25 мың оқушы орнын құрап отыр. Сегіз мектепте (елордадағы – ҚазТАГ) қазіргі таңда үш ауысымда оқыту байқалуда», - деді Көлгінов сейсенбіде елорданы дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте.
Оның айтуынша, бүгінде елордада 15 жасқа дейінгі 295 мың бала тұрып жатыр.
«Бұл кезіндегі Целиноград қаласының тұрғынынан да көп. (…) Қазір бізде 112 мектеп бар, оларда 183 мың оқушы оқып жатыр. Биыл мектепті 9 мың оқушы аяқтады, ал 1 қыркүйекте бірінші класқа 24 мың бүлдіршін келді», - деді әкім.

adimage