Нұр-Сұлтандағы митинг қарары: Билік халықпен байланысты жоғалтып алған

Астана. 1 шілде. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда митингке шыққандар биліктің халықпен байланысты жоғалтып алғанын мәлімдеді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Біз, Қазақстан халқы, елімізде орын алып отырған саяси, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық жағдайларға қатты алаңдаулымыз. Жылдан жылға басқарушы топтар әлемдегі түрлі жаһандық экономикалық өзгерістерді желеу етіп, мемлекетті дұрыс басқара алмаудағы өз жауапкершіліктерін халыққа арта салуға тырысуда. Нәтижесінде аталмыш әрекеттері елдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік дағдарысқа алып келді. Демократиялық мемлекет құру дәуірінде жүргізілген өзгерістер салдарынан мемлекет авторитарлық режимге, бір билікке және барлығы мен бәрінің бір ғана адам мен оның айналасындағы кланға бағыныштылығына алып келді, ал олар болса ұлттық мемлекетті, табиғи ресурсты аяусыз ұрлап, қоғамдық жүйенің түрлі құрылысы арасындағы қарым-қатынасты ажыратты. Нәтижесінде жауапкершіліктің болмауы, қазынаны ұрлау, жергілікті жерлерде билікті бөлу және өзгерту және түрлі сыбайлас жемқорлық жүйесін жүзеге асыру қалыпты жайтқа айналып кетті», - делінген жексенбіде митингті ұйымдастырушылардың қарарының жобасында.
Қарар жобасына сәйкес, митингке қатысушылардың талабы келесідей: «1993 жылғы ҚР Конституциясын негізге ала отырып, конституциялық реформа ұсыныстарын әзірлейтін халықтық комиссия құру; жаңа Конституцияда жерді, жер қойнауын, қорын халықтық меншік игілігі деп жариялап, әр азамат шикізаттың және басқа да тауарлардың сатылымынан өз үлесін алуы керек; кез келген маңызды мемлекеттік проблемалар жалпы ұлттық референдум арқылы халықтың еркімен шешілуі керек, соның ішінде географиялық атаулардың, қалалардың, астананың және т.б. атауын өзгерту мәселесі де»
Сондай-ақ митингке қатысушылар: «сайлау мен референдум, саяси партиялар, бейбіт митингтер мен шерулер, саяси партияларды, қоғамдық қозғалыстар мен үкіметтік емес ұйымдарды құру туралы заңнаманы өзгертуді; отандық резиденттерге секілді, шетелдік резиденттерге де жерді тауар секілді сатуға толық тыйым салуды; Ұлттық қорға ревизия жүргізуді; шенеуніктердің жылжитын және жылжымайтын мүліктерінің қалай келгенін, соның ішінде шетелдік шоттары мен мүлкінің қайдан пайда болғанын анықтауды және олардың Қазақстанға қайтарылуы бойынша қатаң шаралар қабылдауды; Жинақтаушы зейнетақы қоры қаржысының қолданылуының ашықтығын қаматамсыз етуді; Заң алдында бәрі бірдей деген қағиданың орындалуын қатаң талап етуді; атқарушы мемекеттік органдар тарапынан жариялық пен ашықтықты қамтамсыз етуді» талап еткен.
Сонымен қатар олар бір палаталы парламенттің құрылуы қажеттігін мәлімдеді, «себебі әлемде тек федеративті құрылғысы бар елдерде ғана екі палаталы парламент құрылады». Олардың пікірінше, «парламентке тек партия тізімі бойынша ғана емес, сондай-ақ бір мандатты ұсынушылар мен үкіметтік емес ұйым өкілдерін де қабылдау керек».
Сонымен қатар, митингке қатысушылар «әлемдегі барлық жетекші елдер атомдық энергиядан жаңартылатын энергия көздеріне көшіп жатқандықтан, АЭС құрылысына жол бермеуді; құқыққорғау және сот жүйесінде түбегейлі реформа жүргізуді; халықтың әлеуметтік-әлсіз топтарының жалғыз үйлеріне алынған ипотекалық кредитін алып тастауды; барлық ЕДБ-де (екінші деңгейлі банктер) ипотекалық пайызды жылдық 6%- дан жоғары емес деңгейде бекітуді» талап еткен.
Олар «барлық деңгейдегі соттар мен әкімдерді Қазақстан халқы сайлауы керек» деп санайды.
Сондай-ақ, митингке қатысушылар «баспанасыздардың санын көбейтіп, ондаған жылдар бойы кезекке тұрғызбай, халықтың әлеуметтік-әлсіз топтары мен жетім балаларға жеңілдікпен баспана ұсынуды; жеке тұрғын үй құрылысы үшін әр азаматтың жер телімдерін өтеусіз алудағы конституциялық құқығын орындауды; саяси сотталушыларға амнистия жасауды; өз пікірін білдірушілердің ізіне түсуді тоқтатуды» талап еткен.
Уақытынан бұрын шамамен 12.30-да біткен митингтің соңында жиналғандар митинг қарарына қол қоя бастады.
Атап өтелік, рұқсат етілген митингтер жексенбі күні Алматыда (сағат 10.00 - 12.00 аралығында) және Нұр-Сұлтанда (11.00 - 13.00 аралығында) өтті.
Алматыда митинг «Сары-Арқа» кинотеатрының артындағы алаңда өтті, оған шамамен 200 адам жиналған. Митингке қатысушылар бейбіт митингтер өткізу құқығын қамтамасыз ету, Арыс пен Теңіздегі жағдайлар туралы айтып жатты.
Нұр-Сұлтанда митинг Пушкин көшесі мен Құдайбердіұлы даңғылының қиылысында өтті, оған 100-ден астам адам жиналды. Митигкте сөз сөйлеген спикерлер парламенттің өзгеруі, орыс тілін ресми мәртебеден айыру туралы сөз қозғады.

adimage