Нұр-Сұлтандағы сот Серікжан Біләштің ісін Алматы аудандық сотына жолдады

Күні: 15:41, 29-07-2019.

Астана. 29 шілде. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтандағы сот «Атажұрт еріктілері» қозғалысының жетекшісі – қазақ белсендісі Серікжан Біләштің ісін Алматы аудандық сотына жолдады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қылмыс болған жер – Алматы қаласы. Іс қылмыс жасалған жер бойынша қаралуы керек. Соған байланысты сот істі Алматының Әуезов аудандық сотына жолдау керек деп шешті», - деді дүйсенбіде Нұр-Сұлтанның №2 Алматы сотының судьясы Нұржан Мелдебаев.
Сондай-ақ, сот Біләшті үй қамағында ұстау орнын да оның тұрғылықты жері бойынша Алматыға ауыстырды.
Бұған дейін хабарланғандай, Нұр-Сұлтандағы №2 Алматы аудандық сотында «Атажұрт еріктілері» қозғалысы жетекшісінің ісі бойынша алдын-ала тыңдалым басталған болатын. Оған ҚР ҚК 174 б. 1 б. бойынша (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) айып тағылып отыр. Тыңдалым ашық режимде өткен.
Оның адвокатының айтуынша, Біләштің әрекетінде қылмыс құрамы жоқ.
«Мен онда қылмыс құрамы жоқ деп санаймын, себебі ол Қытайдағы түзету лагерлеріндегі қазақ, ұйғыр және қырғыздарды кемсітушілікке қарсы ақпараттық джихад жасаймын деді. Кінәсәнің дәлелеі – сараптама және куәгерлер деп аталғандар, олардың арасында қалай екені белгісіз Мұхтар Шаханов та жүр, олар осы сөздер алауыздықты қоздырады деп санайды», - деді Омарова.
Еске салсақ, Біләш 10 наурызда Алматы қонақүйлерінің бірінде ұсталды және қазір үй қамағында отыр. Тергеу «Атажұрт еріктілері» қозғалысының лидеріне «әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруға бағытталған әдейі әрекеттерді жасау» айыбы тағылуда. Саяси-белсенді Синьцзяндағы этникалық қазақтарға қатысты қытайлық билікті сынға алуымен таныс. Ал «Атажұрт еріктілері» ұйымының өзі әлі күнге дейін мемлекеттік тіркеу ала алмай жатыр.
12 шілдеде 10 шақты белсенді – 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасына қатысушылар - Алматыда Желтоқсан мен Сәтпаев көшелеріің қиылысындағы «Желтоқсан» ескерткішіне жиналып, Қытайдағы этникалық қазақтардың құқықығын қорғайтын «Атажұрт еріктілері» ұйымының лидерін тез арада босатуды талап етуде. Ол үй қамағында отырған еді. Пикетке шығушылар Біләшқа қатысты ізіне түсу амалдарын тоқтатуды талап етуде. Сонымен қатар, пикетке қатысушылар Еуропалық парламент саяси сотталғандар деп таныған Арон Атабекті, Макс Боқаевты және басқа да белгілі қазақстандықтарды да еске салған. Таңқаларлығы, оқиға орнында бірде-бір полицей жоқ, ал пикет бейбіт және тыныш түрде өтіп жатыр. Сондай-ақ, «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің белсенділері демократиялық елдерге «қазақ мемлекетін жемқорлықтан құтқаруға көмектесуге» шақырды.


Жаңалықтармен бөлісу: