Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Нұр-Сұлтандағы сотта Қазақстанда тыйым салынған ИМИЛ мүшесінің бірі болуы мүмкін сотталушының курстасы Сирияға шақырғандары туралы айтты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«2014 жылы ол (Данияр Алтаев – ҚазТАГ) байланысқа шықты. Қысқа ғана сөйлестік. «Жағдайың қалай, балалар қалай», - деп сұрадым мен. Соғыс туралы ол айтқан жоқ. Бірінші болып (Сирияға – ҚазТАГ) Жасұлан кетті, сосын – Данияр. Данияр жарақаты туралы айтты, соғысқа бір рет шыққанын, қазір қаладамын деді, нақты ештеме айтпады. Еркебұлан Тлеубаев (соғысқа кел деп шақырды – ҚазТАГ) скайппен. Мен келісіп, паспортымды дайындай бастадым. Сосын маған ҰҚК қызметкерлері келіп, Жезқазғанға алып кетті. Ол маған Сирияға кел, мұсылмандарға көмектесу керек деді. ҰҚК мені олардың алдап отырғандарын айтты. Мен сөйтіп барудан бас тарттым. Мені Сирияға тек Еркебұлан шықырды. Алтаев пен Жасұлан шақырған жоқ (Сирияға – ҚазТАГ)», - деді куәгер Сәрсенбаев сәрсенбі күні судья Шайхысламовтың сұрағына берген жауабында.
Бұл ретте Тлеубаевтың кім болғаны және «Жасұланның» тегінің кім екенін ол нақтылаған жоқ, тек Алтаевпен колледжде оқығанын айтты.
«2010 жылдан бері білемін. Бірге бесін намазына барып жүрдік. 2014 жылдың басында (Алтаев – ҚазТАГ) «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы байланысқа шықты. Жағдайымды, отбасымды сұрады, қолының жарақаттанғанын айтты, ұлының суретін көрсетті. Ислам туралы, ИМИЛ туралы сурет, видео жіберген жоқ. Қару туралы да жіберген жоқ. Интернетте оның пикапта отырған суретін көрдім, қолында ештеме болған жоқ. Сосын аккаунты (Даниярдың – ҚазТАГ) бұғатталды немесе өшірілді», - деді прокурордың сұрағына жауап берген куәгер.
Сәрсенбаев Алтаевтың оны жихадқа шақырмағанын айта кетті.
«Ол жихадты насихаттаған жоқ, мені хиджра жасауға шақырмады. Ол озбыр емес. Алданып қалған, сезімге берілген. Оны тек жақсы жағынан білемін. Ол қаланы аралап жүрді, қаланың жұмыстарымен айналысты, бірақ нақты немен айналысатынын айтпады. 2013 жылы кетіп қалған. Төрт рет байланысқа шықты: «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде, бір рет скайппен. Ата-анасының, қарындасының жағдайын сұрады, Сәтпаев қалай деп сұрады», - деді ол Алтаевтың қорғаушысына берген жауабында.
Еске салсақ, 23 қазанда Нұр-Сұлтандағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында ИМИЛ-ге қатысы бар деп күдіктелген 14 қазақстандыққа қатысты сот процесі басталған болатын. Сот отырысы ЕЦ-166/10 қауіпсіздігі төмен деңгейдегі мекемеде бетперде киген күзет қызметкерлерінің қадағалауымен өтіп жатыр.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34