Нұр-Сұлтандағы тоғыз мектеп пен Оқушылар сарайына белгілі тұлғалардың есімдері берілуі мүмкін

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтандағы тоғыз мектеп пен Оқушылар сарайына белгілі тұлғалардың есімдері берілуі мүмкін, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Сонымен, №10 мектеп-гимназияға Жұмабек Тәшеновтың, №48 мектеп-лицейге Ахмет Байтұрсынұлының, №52 мектеп-гимназияға Бейімбет Майлиннің, №56 мектеп-лицейге Шәкәрімнің, №57 орта мектепке Мәшһүр Жүсіптің, №58 мектеп-гимназияға Ілияс Жансүгіровтың, №68 мектеп-гимназияға Міржақып Дулатұлының, №76 мектеп-лицейге Әлихан Бөкейханның, №80 мектеп-гимназияға Сәкен Сейфуллиннің есімдері берілуі мүмкін.
Сонымен қатар, Оқушылар Сарайына Әл-Фараби есімі берілуі мүмкін.

adimage