Нұр-Сұлтанда және Қазақстанның бес облысында көктайғақ, тұман және күшті жел күтіледі

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтан, Ақмола, Алматы, Түркістан, Қостанай және Қызылорда облыстарында көктайғақ, тұман және күшті жел күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қ.: 05 қарашада тұман, көктайғақ күтіледі. (…) 5 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 5 қарашада тұман, көктайғақ күтіледі. (…) 5 қарашада Алматы облысында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерде 0-5 градусқа дейін үсік күтіледі.. (…)5 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытына ауысатын желдің күші 15- 20 м/с күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сонымен қатар, 5 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 18 м/с күтіледі.
Сондай-ақ, 5-7 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 5 қарашада түнде кей жерлерде көктайғақ, түнде және таңертең солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-95%.

adimage