Нұр-Сұлтанда және үш облыста 46 тұрғын үйді су басты

Астана. 15 сәуір. ҚазТАГ – Адель Рустемова. Нұр-Сұлтанда және үш облыста 46 тұрғын үйді су басты, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.
«Наурыз айының соңында Шығыс Қазақстан облысының аумағынан бастау алған көктемгі су тасқыны кезеңі басталғалы бері бізде 46 жеке тұрғын үйді су басты – Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында. Қазіргі таңда барлық жұмыстар жүргізілді, су сорылды, тұрғындар үйлеріне қайтып жатыр», - деді Ильин бейсенбідегі брифингте.
Министр мәлімдегендей, су тасқынына дайындық жұмыстары алдын-ала жүргізілген: ақпанда аталмыш мәселе бойынша төтенше жағдайлар комиссиясының отырысы өтті. «Қазіргі таңда елді мекендерде орын алған суға кету қауіптері төмендетілді», - деді ТЖМ басшысы.
Ильин атап өткендей, ведомство су тасқынын болдырмау жөніндегі жол картасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Жоспарланып отырғандай, алдағы үш жылда 217 елдімекенді су басу қаупі толығымен жойылады.

adimage