Нұр-Сұлтанда жүзуге болатын жерлер анықталды

Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда жүзуге болатын жерлер анықталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми интернет-ресурсынан.
«Азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр, қала аймағындағы барлық 15 су қоймасы тексерілді. Тек үшеуі ғана жүзуге жарамды деп танылды, қалғандары өмірге қауіпті», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Қаланың ТЖД-нің азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Эльдор Раимбековтың мәліметі бойынша Нұра-Есіл арнасы, Есіл өзенінің ағыны, сонымен қатар Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінің ағыны жүзуге жарамсыз болып табылады.
«Қаладағы су бұрқақтары да жүзуге арналмаған», - деді құтқарушылар
ТЖД ақпарынша, Редиссон қонақ үйінің маңындағы орталық қалалық жағажайда, сонымен қатар «Три пескаря» және «Күйген Жар» демалыс орындарында ғана шомылуға рұқсат етілген.
«Рұқсат етілмеген жерлерге біз тыйым салу белгілерін, ақпараттық стендтер орнатамыз. Статистика бойынша бізде қайғылы жағдайлар дәл осы шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде тіркеледі»,- деді Раимбеков.
Оның айтуынша, балалардың қатысуымен болатын қайғылы жағдайлардың санын азайту үшін жазғы демалыстың алдында қаланың барлық мектептерінде құтқарушылар жаттығу-сабақтар мен дәрістер өткізеді.
«Тек қана рұқсат етілген орындарда жүзіңізді, су қоймаларының жанында балаларыңызды қараусыз қалдырмауыңызды, су қоймаларының маңында демалған кезде спирттік ішімдіктерді қолданбауыңызды, сонымен қатар, балықшылардан балық аулау кезінде құтқару жилетін киюлерін сұраймыз», – деп қорытындылады Э.Раимбеков.


adimage