Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда жаңа прокурор тағайындалды, деп хабарлады ҚР бас прокурорының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының келісімімен, ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Бауыржан Мырзакеров 26 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры болып тағайындалды», - делінген хабарда
Мырзакеров жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2018 жылдың мамырынан бастап күшіне енген үкімдердің заңдылығын және оларды бас прокуратураның орындауын қадағалау қызметінің бастығы болған.
Еске салсақ, бұған дейін 2017 жылдан бастап Нұр-Сұлтан прокуроры қызметін Болат Дембаев атқарып келген. Ол 25 сәуірде мемлекет басшысының өкімімен ҚР бас прокурорының орынбасары болып тағайындалған.
Нұр-Сұлтанда жаңа прокурор тағайындалды
