Нұр-Сұлтанда жаңа учаске бойынша әуежайға дейінгі жол ашылды

Астана. 10 шілде. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда жаңа учаске бойынша әуежайға дейінгі жол ашылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы» нысанының әуежайға апаратын жол учаскесінде қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Автожолдың жаңа учаскесі І-техникалық санатқа жатады. Жоба бойынша жоспарланған 8 қозғалыс жолағының 4 жолағы пайдалануға берілді. Өзге 4 жолақтың құрылысы ағымдағы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, учаскенің құрылысы барысында жоғары беріктілікпен ерекшеленетін шақпақтасты-мастикалық асфальтбетон қолданылды.
«Жалпы ұзындығы 34,4 шақырымды құрайтын «Астана қ. айналма жолы» жобасын жүзеге асыру елорданың көлік жүйесінің жүктемесін азайтады, жолаушылардың уақытын үнемдейді және Нұр-Сұлтан қаласындағы экологиялық жағдайға да игі әсерін тигізеді. Нысандағы жұмыстардың толық аяқталуы 2020 жылға жоспарланған», - деді ұлттық компаниядан.

adimage