Нұр-Сұлтанда «Жастар» жастар сарайы төртінші тәулік қоршауда тұр

Астана. 12 маусым. ҚазТАГ - Әмір Қасенов/Динара Халдарова. Нұр-Сұлтанда «Жастар» жастар сарайы төртінші тәулік қоршауда тұр.
«ҚазТАГ» ХАА тілшісі хабарлағандай, «Жастар» жастар сарайы шарбақтармен қоршалған, сарай маңында полицейлердің көп саны, 10-ға жуық полиция автобусы байқалуда.
Тұрғындарың айтуынша, 9 маусымда Қазақстан президенті сайлауы өткен күні қойылған «Жастар» сарайындағы қоршау әлі алынбаған.
«Жастар» ауданында желі ұстамайды. Сарай маңында фургон тұр, оның төбесіне мықты антенна орнатылған. Ол жердегі банкоматтар жұмыс жасамайды, терминалдар жұмыс жасап тұр.
Сонымен қатар, қоршауға арналған ауданда қара көзілдірік кигендер жүр, олардың кейбірі медициналық бетперде киіп алған, кейбірінің құлақтарында құлаққаптары бар. Олар ара-арасында журналистерге келіп, кәсіби қызметтерін атқаруға кедергі келтіруде.
Сондай-ақ, агенттік тілшісі хабарлағандай, бір квартал жоғары – «Ұлттық банк» маңында автобус пен полиция машинасы тұр.
Бұған дейін хабарланғандай, «Бәйтерек» ауданында полицейлердің көптеп жиналуы байқалуда.
Еске салсақ, 9 маусымда Қазақстанда Нұр-Сұлтан мен Алматыда сайлау учаскелеріндегі көптеген бұзушылықтар мен митингке шыққандарды жаппай ұстау фонында президент сайлуаы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңімпаз деп танылып, оны ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтті.
Алматы мен Нұр-Сұлтанда митингтер мен митингке шыққандарды ұстау 8-10 маусымда жалғасты. Елорда мен Алматы алаңынан осы күндер ішінде 700-ге жуық адамды алып кеткен.

adimage