Нұр-Сұлтанда жатақханадағы өрттен 20 адам, соның ішінде 14 бала зардап шекті

Астана. 2 мамыр. ҚазТАГ - Нұр-Сұлтанда жатақханадағы өрттен 20 адам, соның ішінде 14 бала зардап шекті, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«2 мамырда сағат 10.30-да Нұр-Сұлтан ТЖД «101» тетігіне Байқоңыр ауданы Досмұхамедұлы көшесіндегі 5 қабатты жатақханадан өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт алаңы 20 ш.м. құрайтын екінші қабаттағы бөлмеден шыққан. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен тілсіз жау 11.15-те сөндірілген. Автосатының көмегімен 32 адам құтқарылды, соның ішінде 28-і бала. Жатақханадан 350 адам өз беттерімен шыққан. Медициналық көмекке 20 адам жүгінген, соның ішінде 14-і бала», - деді бейсенбіде Нұрахметов.
Ол атап өткендей, өрт себебі анықталуда.
«Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 66 адамы мен 18 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Сондай-ақ, зардап шеккендерге жедел медициналық және психологиялық көмек көрсету үшін ҚР ІІМ ТЖК апаттық медицина орталығының 6 қызметкері мен 2 бірлік техникасы жұмылдырылған», - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі.

adimage