Нұр-Сұлтанда жауған қар айлық нормадан үш есе жоғары – синоптиктер

Күні: 19:15, 27-01-2020.

Астана. 27 қаңтар. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Нұр-Сұлтанда жауған қар айлық нормадан үш есе жоғары, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК жетекші инженер-синоптигі Алуа Саханова.
«Қаңтар айының басынан бері Нұр-Сұлтанда 49 мм жауын-шашын түскен, ал негізі айлық норма 16 мм, сонда бұл үш айлық норма болып отыр. 26 қаңтар күндіз, 27 қаңтар түнде елордада 6 мм қар жауған. Жалпы Қазақстанның солтүстік жартысында бір айда жауған қар көлемі 2-3 айлық норманы құраған», - деді Саханова дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бұл Қазақстан аумағында атлантикалық циклондар сериясы және онымен байланысты атмосфералық фронттармен байланысты, соның салдарынан қалың қар жауып, бұрқасын және жел тұрады.
«24 қаңтарда біз Ақмола облысында 26-27 қаңтарға арналған дауылды ескерту тараттық, соған сәйкес қар жауу, бұрқасын, көктайғақ және 20-23 м/с дейін екпінді жел күтіледі, желдің екпіні 30 м/с дейін жетуі мүмкін екендігі айтылды. РМК 11 облыстық филиалында қар жауу, бұрқасын және 15-20 м/с дейін желдің күшейетіні туралы, оның екпіні 28 м/с дейін жететіні туралы дауылды ескерту таратылды. Негізі республиканың солтүстігінде тәулігіне 6-11 мм дейін қалың қар түседі, көріну деңгейі 50-500 м бұрқасын күтіледі, жел 29 м/с дейін күшейеді, Ақмола облысындағы Ерментау және Степногорск метеостанцияларында жел екпіні 34 м/с дейін жетеді», - деді Саханова.
Алдағы тәулікте 29-30 қаңтарда солтүстік-батыс антициклонның келуі күтілуде, соның салдарынан күн салқындап, жауын-шашын тоқтайды. Солтүстікте, республиканың шығысы мен орталығында ауа температурасы түнде минус 20-30 градусқа дейін төмендейді.
«Алайда күннің салқындауы ұзаққа созылмайды, себебі Ресейдың еуропалық аумағына кезекті антициклон келуге дайындалуда, соған байланысты біздің батыс өңірлерде де күн жылына бастайды», - деді Саханова.


Жаңалықтармен бөлісу: