Нұр-Сұлтанда жеңіл көлік автобусқа соққан

Астана. 26 қараша. ҚазТАГ - Нұр-Сұлтанда жеңіл көлік автобусқа соққан, деп хабарлады қаладағы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«26 қарашада сағат 06.35-те Wolkswagen Golf маркалы көлігінің 21 жасар жүргізушісі Момышұлы – Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында №101 маршруттық автобусқа соқты», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Полицияда нақтылағандай, Wolkswagen Golf маркалы көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚбК 610 бабы 2 бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
«Тексеру жүргізілуде. ЖКО-да зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарда


adimage