Нұр-Сұлтанда жолаушылар кемелерінің жұмысынан өмірге қауіпті бұзушылықтар анықталды

Күні: 18:14, 06-06-2019.

Астана. 6 маусым. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанда жолаушылар кемелерінің жұмысынан өмірге қауіпті бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы Есіл өзенінде жолаушылар кемелерінің қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті арқылы «ЖАСНҰР» МҚКК ҚШ өкілдерімен бірлесіп осы ұйымға тиесілі жолаушылар кемелеріне тексеру жүргізілді», - деп хабарлады бейсенбі күні ведомстводан.
ИИДМ-де нақтылағандай, Кемелерді тексеру нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануына қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтар анықталды.
Осылайша, сыйымдылығы сәйкесінше 45 және 65 адам болатын «Астана» және «2» жолаушылар кемелерін тексерген кезде келесідей заң бұзушылықтар анықталды: басты рульді басқару орны айналаны шолу көрінісімен қамтамасыз етілмеген; машина бөлімшесінен жағармайдың ағуының байқалуы;кеме құжаттарының дұрыс жүргізілмеуі, сондай-ақ олардың кейбіреулерінің болмауы.
«Осындай заң бұзушылықтар осы ұйымның 2 өздігімен жүзетін тіркеп алушы кемелерді тексеру барысында анықталды. Жыл сайынғы техникалық байқаудан өтпеген жолаушылар мен жүк кемелерін арқандап байлау және оларға қызмет көрсетуге арналған 7 қалқымалы қондырғы да тоқтатылды», - делінген хабарда.
Хабарда атап өткендей, анықталған заң бұзушылықтар нәтижесінде 11 кемені пайдалануға тыйым салынды және кемелердің қауіпсіз жұмысына қатысты заң бұзушылықтарды жедел жоюға қатысты ұйғарымдар берілді.
«ЖАСНҰР» МҚКК-ның 3 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ИИДМ-нен.


Жаңалықтармен бөлісу: