Нұр-Сұлтаннан Алматыға бір реттік қосымша пойыздар іске қосылады

Астана. 15 шілде. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтаннан Алматыға бір реттік қосымша пойыздар іске қосылады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың 19 және 20 шілде күндері № 202/201 «Нұр-Сұлтан Нұрлы Жол – Алматы-2» бағыты бойынша екі жолаушылар пойызы сапарға шығады. Жөнелту уақыты – 17 сағат 16 минутта», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, екі пойыз жаңа 25 плацкарт вагондарынан құралған.
«Вагондар заман талабына сай кондиционер, су сүзгіш, өртке қарсы жүйе, биотуалет қондырғыларымен жабдықталған. Әр вагонда 54 орын бар», - деді баспасөз қызметінен.
Жолда жүру уақыты 19 сағат 47 минутты құрайды деп күтілуде.
«Аламтыға жеткеннен кейін бұл жаңа вагондар тұрақты түрде «Алматы – Маңғыстау» бағыты бойынша қатынайтын болады», - делінген хабарда.

adimage