Нұр-Сұлтаннан өңірлерге баратын екі үлкен тас жол көктайғақ салдарынан толық жабық

Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтаннан өңірлерге баратын екі үлкен тас жол көктайғақ салдарынан толық жабық, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен бейсенбі күні.
«Көктайғаққа байланысты 5 қаңтарда «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автомобиль жолының 304-341 шақырым (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін) аралығы және 341-473 шақырым (Ақмола облысы шекарасынан Петропавл қаласына дейін) аралығы көліктің барлық түрінің қозғалысына уақытша жабылды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Жолда кездейсоқ жағдай туындаған жағдайда республикалық маңыздағы жолды пайдаланушылар қалалық телефон нөмірі арқылы +7 7172 444 777, сондай-ақ диспетчерлік қызметтің мобильді телефоны мен WhatsApp нөміріне хабарласа алады +7 771 7444 777.

adimage