Нұр-Сұлтаннан Шуға және Алматыдан Шымкентке бір реттік пойыздар шығады

Астана. 18 шілде. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтаннан Шуға және Алматыдан Шымкентке бір реттік пойыздар шығады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша бір реттік екі пойыздың қосылатыны туралы хабарлайды. № 200/219 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол - Шу» бағыты бойынша. Нұр-Сұлтан қаласынан 31 шілде және 2 тамыз күндері сағат 09.57 –де жөнелтіледі. Шу стансасына келу уақыты кешкі 20.00 де», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Кері бағытта Шу қаласынан 31 шілде және 2 тамыз күндері кешкі сағат 21.15 шығады, Нұр-Сұлтанға 1 және 3 тамызда келеді.
«№ 221/222 «Алматы-2 – Шымкент» бағыты бойынша. Алматы-2 ден 21 шілде күні кешкі сағат 20.15-те сапарға шығады. Кері бағытта Шымкент қаласынан 22 шілде күні кешкі 18.21 жөнелтіледі, Алматы-2 стансасына 23 шілдеде 09.56-да келеді», - делінген хабарда.

adimage