Нұр-Сұлтанның сол жағалауын жылумен жабдықтау үшін Т1,6 млрд сомаға сорғы станциясы салынбақ

Астана. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Нұр-Сұлтанның сол жағалауын жылумен жабдықтау үшін Т1,6 млрд сомаға сорғы станциясы салынбақ, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тапсырыс беруші – «Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамы; атауы – кәріз жүйесін/су тазарту құрылғысын/сорғы станциясын салу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы – «3-ЖЭО және Конституция көшесі арасындағы учаскедегі 12-СС сорғы станциясының құрылысы (Астана қаласының сол жағалау бөлігіне жылу магистралі, 5-кірме)» (Аяқталмаған құрылыс)»; жоспарлы сомасы – Т1 603 382 221,43; бірінші жылға арналған сома – Т561 183 777,5, екінші жылға арналған сома – Т1 042 198 443,93», - делінген 25 қыркүйекте мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лот сипаттамасында.
Конкурсқа өтінім қабылдау 28 қыркүйекте сағат 9.00-де басталып, 30 қыркүйек сағат 18.00-де аяқталады.
«Құрылыстың негізгі мақсаты салынып жатқан 3-ЖЭО жылу көзінен қаланың сол жағалауындағы тұтынушыларға жылу беру болып табылады. М-55 жылу магистралы құрылысының қажеттілігі тұрғын-үй – коммуналдық құрылысы жаңа аудандарын, сондай-ақ ЭКСПО нысандарын жылумен қамтуға байланысты туындап отыр», - делінген жұмыс жобасының қорытындысында.

adimage