«Нұрбанк» басшылығының құрамы өзгерді

Күні: 14:28, 13-02-2019.

Алматы. 13 ақпан. ҚазТАГ – «Нұрбанк» АҚ басшылығының құрамынан басқарма төрағасының орынбасары Марат Заиров шықты, деп хабарлады Қазақстан қор биржасы сайтынан.
«М.З.Заиров шықты – басқарма төрағасының орынбасары», - делінген хабарда.
Осылайша, қазіргі таңда «Нұрбанк» АҚ басшылығы бес адамнан тұрады: басқарма төрағасы Эльдар Сарсенов, басқарма төрағасының орынбасары Андрей Ким, қаржы директоры Ришат Жаканбаев, басқарушы директорлар Гүлнар Мұсатаева және Ирина Телегина.


Жаңалықтармен бөлісу: