Нұрдәулетов Қазақстанның бас прокуроры болып тағайындалды

Астана. 18 наурыз. ҚазТАГ – Ғизат Нұрдәулетов бас прокурор болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
«Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалсын», - делінген дүйсенбідегі президент жарлығында.
Бұл қызметте Нұрдәулетов Қайрат Қожамжаровты ауыстырды.
«Қайрат Пернешұлы Қожамжаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметінен босатылды», - делінген Назарбаевтың жарлығында.
Тағайындалғанға дейін Нұрдәулетов бас прокурордың бірінші орынбасары болған.
Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы 1964 жылы Алматы облысы Қаракестек ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасының тергеушісі болып бастаған. Осы аудан прокурорының орынбасары болған. 1997 жылдан бері ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет еткен. Алматы қаласы, Алматы облысы бойынша департамент бастығының орынбасары, департамент бастығы, Тергеу департаментінің бастығы қызметтерін атқарған. 2016 жылдың қарашасынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментін басқарған.

adimage