Нұрлан Алдабергенов: Әркім патриот болуы керек, бірақ жоғары баға саясатынсыз ғана

Астана. 23 маусым. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің, ал енді Армения мен Қырғызстанның бірыңғай нарығының құрылуы осы мемлекеттердің нарығында ойын ережесін бір-бірімен сәйкестендіру қажеттігін туғызып отыр. Мәселе роуминг тарифі, елдер арасындағы ұшу, жосықсыз бәсеке және өнеркәсіптің өзіндік салаларын қолдау мүмкіндігі туралы. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде аталмыш бағыттағы жағдайдың қалай дамитыны туралы ҚазТАГ-қа берген сұхбатында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мүшесі (министр) Нұрлан Алдабергенов әңгімелеп берді. 

 - Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде роуминг мөлшерлемесін нөлге жеткізу қашан жасалуы мүмкін? Жалпы роуминг мөлшерлемесін толығымен нөлге жеткізу мүмкін бе? 

 - Әрине, ол нөлге жеткізіледі. Себебі Еуроодақ тәжірибесі оның нөлге жақындағанын көрсетіп отыр. Уақыты бойынша мәселе даулы болып отыр. Біз ол алдағы үш жыл ішінде жасалады деп күтіп отырмыз. Десек те, тәжірибеден көріп отырғанымыздай, ол одан бұрын да жүзеге асырылуы мүмкін. Ол бастаманы монополияға қарсы органдар, атап айтсақ, РФ федералды монополияға қарсы қызметі көтеріп отыр. Басқа елдердің монополияға қарсы қызметтері де қолдауда. Бұл одан да бұрын болуы мүмкін, себебі қазіргі таңда оны тоқтатуға негіз боларлықтай нақты себеп те жоқ, байланыс та дамып жатыр. Бір ерекшелігі, шекарадан асқан бойда тариф 20 және одан да көп есеге артады. Барлығы Ресей операторларына көшеді деген мәселелер де болған болатын. Бұл жағынан да алып қарадық, біздің барлық аппаратымыз ұлттық операторлармен жұмыс жасайды. Ал олардың барлық есеп шоттары басқа мемлекеттің аумағында. Яғни бұл мәселені алып тастадық. Олар көтерген келесі мәселе, пайда турасында. Біз жақында зерттеу жүргіздік, сонда роумингті пайдаланушылардың көбінің қазақстандықтар екенін байқадық! Ұялы байланыс операторларының зерттеулеріне сәйкес, олар бізге емес, біз оларға жиі барады екенбіз. Яғни, біз ол жаққа барсақ, сіз клиентіңізден айырыласыз – сіз қазірдің өзінде айрылып қалдыңыз. Әрине, қазір сіз өзіңіздегі байланыстың жақсы екенін айтасыз, қызмет көрсетудің ыңғайлылығын айтасыз, дегенмен кедергі пайда болып, баға 20-25 есе өскенде тұтынушы операторын әрине өзгертуге мәжбүр болады. Әрбір адам осылай жасайды. Бір нөмірден айырылмай жүрген адамды кездестіру қиын. SIM-каны ауыстырады. Сондықтан бұл тұрғыда түсіністік бар. Біз Еуропа тәжірибесін талқылап көрдік: Францияға бара жатқанда – сенің тарифің Францияның жергілікті желісі бойынша, Германияға өткен кезде ол жақтың тарифіне автоматты түрде қосыласың да, төлем де немістің ұлттық тарифі бойынша есептеледі. Яғни ол жақта қозғалуға барлық қолайлы жағдай жасалған. Ең бастысы зерттеу жүргізгеннен кейін біз бұл мәселеде сенімдірек бола түстік. Біз тек қазақстандық тұтынушылардың 2,5 млрд теңге ала алатынын және көлемнің ұлғаюына қарай шамамен 23 млрд теңге көлемінде ұялы байланыс операторларының қосымша пайда табатынын көргенде, әрине бұл сандар бізге бұл үдерістің шындыққа жанасатынын және оны алдағы уақытта жүзеге асыруға болатынын айтуға мүмкіндік береді. Біз ұялы байланыс операторларымен бірқатар кездесулер өткіздік. Біз оларға айттық: егер сендер, жігіттер, бірдей бәсекелестік қағидасы бойынша жұмыс жасамай, өз ұстанымдарыңызды ұстанатын болсаңыздар, онда айыппұлдарға қарасаңыздаршы дедік. 

- Яғни бұл үш жылға қарағанда да тез болуы мүмкін бе? 

 - Ондай бастаманы көтеріп отырғандар монополияға қарсы органдар. Ұялы байланыс операторлары 1 қазанға дейін жоспарларын ұсынады. Егер жоспарларын ұсынбаса, онда бұл мәселені бірге зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, одақ елдерінің монополияға қарсы органдары, және ЕЭК де, оның да сондай өкілеттігі бар, қарастыратын болады. Ал бұл монополияға қарсы органдарды бұл мәселені одан да тез шешуге болатынына жігерлендіріп отыр. Ресей федерациясының субъектілері арасында да роуминг болды және олар бұл мәселені тез шешті. Ол нөлге жеткізілді – жарнама жүріп жатыр. Яғни әкімшілік тетіктер оның нөлге жеткізілуіне қол жеткізді. Дегенмен біз оған бір сәтте қол жеткізуді мақсат етіп отырған жоқпыз. Біз оған кезең-кезеңдеп жетуіміз керек. 

 - Бұл тек Қазақстанда, Ресей мен Беларусьте ғана іске аса ма, әлде Армения мен Қырғызстанда да ма? 

 - Иә, бес мемлекетте. 

 - ЕАЭО елдеріне қатарлас импорт мүмкіндігі қашан және қандай тауарлар тобы бойынша енгізіледі? 

 - Екі ұсыныс бар, және біз мынаны үкіметке енгіздік: алып тастаумен жалғасатын құқық таусылуының халықаралық қағидаты немесе алып тастаумен жалғасатын өңірлік қағидат. Алып тастаумен жалғасатын құқық таусылуының халықаралық қағидаты дегеніміз өзіңнің өндірісіңнен басқа тауарлардың барлық түрін өткізуге арналған нарық ашу қажеттігі. Өзіндік өндіріс дегеніміз – алып тастау. Бұл жерде экономикаға ненің маңызды екенін қарау керек. Егер біз өзіміздегі өндіріс көлемінің үлкен екенін және тауардың көптеген түрінің шығарылатынын байқасақ, және бізге оны сақтап қалу керек болса, біз әрине алып тастаумен жалғасатын өңірлік қағидатты таңдаймыз. Бірақ егер біз өзіміздің аз өндіретінімізді және тауардың көпшілігін таситынымызды көріп отырсақ және бізге сол бағалардың бәсекелі болғаны қажет болса, әрине, бұл дегеніміз тәркілеулермен бірге халықаралық болады. Тура жақын уақытта комиссиядағылар бұл мәселені коллегияға ұсынуды көздеп отыр. Қазіргі зерттеулер келісімге өзгерістер енгізу қажет екенін көрсетуде, яғни бұл келісімде болуы тиіс. Келісімдегі құқықтар тәмамдалуының өңірлік қағидаты әрекет етеді деген позиция бүгінгі күннің талаптарына сай келмейді. Ал тап қандай қағидат – бұл мәселе вице-премьерлер деңгейінде қаралады деп ойлаймын. Бірақ факті бар ол – барлық мемлекеттер құқықтар тәмамдалуының қағидатын өзгерту қажет екенін біледі. 

 - Ресейлік тарапты енді құқықтар тәмамдалуының халықаралық қағидатын жақтап сөйлеуге не итермеледі: Батыстың санкциялары ма? 

- Бұл мәселе бойынша, әрине, санкциялар әсер етті. Екіншіден, дағдарыстың өзі әсер етті. Неліктен әсер етті? Оған белгілі бір елден тауар немесе жоба бермей отыр, бірақ ол сол жобаны басқа елден ала алады, ал қазір ол оны жасай алмайды, өйткені онда өңірлік қағидат әрекет етеді. Дағдарыс бүкіл елдерді жанай өтті. Егер дағдарыс жүріп жатса, онда біз дағдарыс жағдайында өзімізді неге шектейміз? Біз дәл сол тауарды тікелей өндірушіден емес, кез келген басқа сатушыдан таңдап алуға деген еркіндікті беруге тиіспіз. Осы екі факті бұл мәселенің шешілуіне мұрындық болды. Үшінші фактор ол – ЕАЭО-дағы интеграция үдерісінің өзі. Ол осыған итермеледі. Көз алдыңызға елестетіңіз, егер сіз одаққа кірмей, мемлекет ішінде өзіңіз жұмыс жасаған болсаңыз. Сәйкесінше, сен бұл тұстарды экономикалық мәселелер бойынша одақта бәсекелескенге қарағанда азырақ сезінетін боласың. 

- Құқықтар тәмамдалуының қағидатын өзгерту жөніндегі шешім ақыры қашан қабылдануы мүмкін? 

- Біз бұл мәселе жыл соңына дейін толықтай өз шешімін табады деп жоспарлап отырмыз. Мәселе ауыр болғасын, уақыт жағынан кешігу болуы мүмкін, бірақ ол ұзаққа созылады деп ойламаймын, себебі бұл ешкімге де тиімді емес. Мәселен, Қазақстанды алайық. Біз «Фосаванс» дәрі-дәрмегін, мысалы, ағылшындардан алғымыз келеді (препарат РФ-да $108 тұрады, $65 – ҚР-да, $35 – өндіретін ел Испанияда, $32 - Ұлыбританияда - ҚазТАГ), бірақ біз ала алмаймыз, өйткені испандар рұқсат етпейді. Біз John Deer-ді (John Deer w540 ҚР-да 260 мың еуро тұрады және ГФР-да 225 мың еуро - ҚазТАГ) қалаймыз және сервиске зәруміз, бірақ дилерге байлаулымыз және дилер үшін біз әлі ойын ережесін анықтаған жоқпыз – ол өз ережесін өзі қояды. Тау-кен өнеркәсібі бойынша да солай. 

- Қандай тауарлық топтар бойынша қатарлас импорт мүмкіндігі енгізілетін болады және қашан – 2016 жылдан ба? 

- Бұл 2016 жылдан кейін болады деп ойлаймын, өйткені бұл ешкімге де тиімді емес. Көлік қосалқы бөлшектері мен дәрі-дәрмек бұйымдарының нарығы алдын ала анықталды. Ресей парфюмерия нарығын қояды, меніңше, олар спорттық тауарлар және техника бойынша нарықты қояды. Біз үшін бұл тау-кен өнеркәсібіне арналған нарық және біздің тәуелді болып отырған ауыл шаруашылығында пайдаланатын техника. Осының бәрін ортақ қорытындыға келтіру өте қиын, 4-5 мемлекеттің экономикасы сан алуан. Ең дұрысы, келісімге не сол, не бұл қағидатты қолдануға мүмкіндік беретін норма енгізілетін болады. Әрі қарай ендігі, экономикадағы ахуалды қаперде ұстай отырып, мемлекет жекелеген тәркілеулерді немесе шектеулерді енгізе алады. 

- Осыған дейін Сіз трансшекаралық ұшуларға деген тарифтердің үлкен айырмасы жайында деректер келтірген едіңіз... 

- Авиация – өте сезімтал нарық, әсіресе трансшекаралық нарықтарда. Қазір біз екі әуе компаниясының іс-әрекеттерін бақылап отырмыз – Air Astana мен «Трансаэроның». Егер Мәскеу-Астана (2300 км) мен Мәскеу-Қарағанды (2478 км) ара қашықтығын алсақ, онда Air Astana мен «Трансаэро» сәйкесінше Мәскеу-Астана маршруты бойынша 52 мың теңгеге және 60 мың теңгеге ұшады. Мәскеу-Қарағанды бағыты бойынша «Аэрофлот» пен «Трансаэро» ұшады – баға іс жүзінде екі есе төмен: 25 мың теңге және 47 мың теңге. Қазір өкілетті тапсырумен байланысты біз әуе компанияларымен алдын алу сұхбаттарын бастап жатырмыз. Жігіттер, назар салыңыздар: сіздер, қос компания, нарықты алдыңыздар, ешкімді кіргізбейсіздер, бағаны ұстап тұрсыздар – дәл сондай маршруттарда сіздердің баға екі есе төмен деп. Қазір осы бағытта жұмыс жүріп жатыр. Басқа мысал – «Белавиа» компаниясы Минск-Қостанай рейсіне қызмет көрсетеді. Ал сіздер ол бізге неліктен ұшады деген сұрақ қойып көрмедіңіздер ме? Қанеки талдап көрелік. Жолаушылардың көбі кімдер? Қазақстандықтар. Неге сіздер ақша беріп отырсыздар? Қане Қостанайдың шекараға жақын халқынан сұрап көрейік. Қостанай тұрғындары Мәскеуге екі көлік ауыстырып жетеді. 3-5 мың теңгені Шеләбіге дейін береді, ал сол жақтан Мәскеуге баға екі есе, тіпті одан да төмен. Сіздер клиентті жоғалтып отырсыздар ғой. Біз, әрине, Ais Astana-мен бұл жұмысты жүргізудеміз. Әрине, сіздер жақсы маршруттарды алып отырсыздар. Алматы-Астананы алдыңыздар, бағаны ұстап тұрсыздар. Біз көріп отырмыз ғой: Алматы-Мәскеу, Мәскеу-Астана. Ал оларды басқа маршруттармен салыстырып көріңіздерші. Біз оларға айтамыз: сіздер Минск-Қостанай нарығын жоғалтып алдыңыздар, Қостанай-Мәскеу нарығын жоғалттыңыздар, сіздер Қарағанды-Мәскеу нарығын жоғалттыңыздар деп. Сіздер ең табысты нарықтарды алып алғансыздар және соны ұстап тұрсыздар. Мысалы, Қарағанды-Мәскеу. Сіздер бұл нарықта ұштыңыздар ғой. Сіздер не деп жауап бересіздер? Бұл пайдасыз. Жақсы. «Трансаэро» компаниясы келді, сосын «Аэрофлот» - және емін-еркін ұшып жатыр. Біз оларға маркетингті көбірек жасап, өз клиенттерін сақтау керектігін айтамыз.

adimage