Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Нұрлан Оразов Қазақстанның «Сырбар» сыртқы барлау қызметі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Н.Оразов Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды», - деп хабарлады бейсенбіде Ақорда баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, бұған дейін ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сартаев Исатай Бахтиярұлын Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қылып тағайындады, ол 19 қыркүйектен бастап қызмет директоры міндетін уақытша атқарып жүрген болатын.
Нұрлан Оразов Қазақстанның «Сырбар» сыртқы барлау қызметі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
