Астана. 16 қаңтар. ҚазТАГ – Нұрлан Сауранбаев Қазақстан президенті әкімшілігінің мембақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімін басқаратын болады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды», - деп хабарлады сәрсенбіде Ақордадан.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Н. Сауранбаев 2017 - 2018 жылдар аралығында Шымкенттің әкімі болған, ал оған дейін 2017 жылы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу мәселесі бойынша штабтың ұйымдастырушылық комитетін басқарған. Одан бұрын 2014-2016 жылдар аралығында Н.Сауранбаев қорғаныс вице-министрі қызметін атқарған.
Нұрлан Сауранбаев ПӘ мембақылау және аумақтық-ұйымдастыру бөлімін басқаратын болады
