«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қаржыны игеруде аутсайдер-өңірлер аталды

Астана. 18 қараша. ҚазТАГ – Владимир Радионов. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша қаржыны игеруде аутсайдер-өңірлер аталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«10 айдың қорытындысымен қаржыландыру жоспары бойынша өңірлерге Т59,3 млрд аударылған, игерілгені Т56,3 млрд, немесе 96,1%. Қаржыны игеру төмендігі Түркістан (36,6%), Батыс Қазақстан (91,8%), Қарағанды (91,3%) облыстарында тіркелген. Баспананы сатып алусыз жалға беру бойынша жобаларды жүзеге асыруда Павлодар (79,9%), Қарағанды (86,5%), Атырау (89,8%), Ақмола (90,6%) облысы әкімдіктері қаржыны төмен игерген», - деді дүйсенбідегі үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.
Сондай-ақ, ол атап өткендей, Алматы (100 пәтер), Шығыс Қазақстан (86 пәтер), Түркістан (60 пәтер), Маңғыстау (73 пәтер) және Батыс Қазақстан (18 пәтер) облыстарында жұмыстардың кестеден қалып қоюы салдарынан жалдамалы баспана жобасының жоспарлы көрсеткішіне қол жетпеу қаупі бар, Шымкент әкімдігі жергілікті бюджеттен қосалқы қаржыландырудың артта қалуынан жұмыс жасап жатқан жастарға арналған 600 пәтерді сатып алу мәселесін әлі шешпеген.
«Бөлінген Т50 млрд (игерілгені Т31 млрд) сомадан Павлодар (59,2%), Маңғыстау (81,3%), Атырау (79,6%) облыстары әкімдігінің көпбалалы отбасы үшін сатып алусыз тек жалға берілетін тұрғын үйлер бойынша қаржыны игеру төмендігі байқалуда», - деді Атамқұлов.

adimage