Нұрсұлтан Күдабаевтың ағасы: Тезекбаеваның президентке жазғаны – басынан аяғына дейін өтірік

Алматы. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Алматыдағы №4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаевтың жары Дина Тезекбаеваның ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазғанының барлығы басынан аяғына дейін өтірік, деп мәлімдеді Нұрсұлтан Күдебаевтың ағасы Бахтияр Әбдіраимов.
«Сонымен ол дәрігер Тезекбаев ЖКО салдарынан жарақат алған Н.Күдебаевты №7 ауруханадан №4 ауруханаға тасымалдауға қарсы болған дейді. Бірақ бізде бейетаспа бар (баспасөз мәслихаты кезінде көрсетілді – ҚазТАГ). Онда марқұмның №7 ауруханада да, кейін №4 ауруханаға апарғанда да өз аяғымен жүріп барғаны, оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланғаны көрсетілген», - деді Әбдіраимов дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, ол нақтылағандай, 30 шілде мен 1 тамыз аралығында (1 тамызда оған №4 ауруханада ота жасалған) Күдебаев есін біліп жатты, оның жүрегі тоқтап қалуына себеп болған отадан кейін 20 күн бойы ол №4 ауруханада жатты, тек 21 тамызда ғана Германияға апарылды, сол жақта көз жұмды.
«Тезекбаеваның хатында тағы да өтірік бар. Ол дәрігер Тезекбаев науқасты Германияға апаруға қарсы болды дейді, алайда оның қолы қойылған құжат бар, құжатта ол тасымалдаудың онымен келісілгенін және рұқсат бергенін көрсеткен. Және ол өзі бізбен ұшақ бортына дейін еріп барып, науқасты өкпені жасанды демалту аппаратына қосқан болатын (інім өз бетінше демала алған жоқ). Сонымен қатар оны белгісіз ауруханаға алып кетті дегені де шындыққа жанаспайды. Германиядағы аурухананы біз 17 тамызда анықтадық, 17-20 тамыз аралығында онымен келісу жүргізілді», - деді Нұрсұлтан Күдебаевтың ағасы.
Сондай-ақ, ол Германияда Күдебаевқа ота жасалмағанын хабарлады, оның өліп қалу мүмкіндігіне байланысты төрт рет тест жасалып, барлығы да теріс болып шықты, дәрігерлер оның тірі қалуының мүмкін еместігін айтты.
«Біз ота кезінде анестезиологтың қателігінен оның жүрегі тоқтап қалған деп ойлаймыз. Неміс дәрігерлері бізге науқасты отаға тиісті деңгейде дайындамаған деді», - деп қорытты сөзін Әбдіраимов.
Өз кезегінде қорғаушы Айман Умарова «Тезекбаевтың Германияға өліп қалған науқасты жіберуі дұрыс болмай отыр» деп санайды.
«Біз жауапқа анестезиологты да, Тезекбаевты да тарту керек деп санаймыз, себебі Күдебаевқа ота жасаған сол. Қазір іс аясында түрлі сараптамалар тағайындалуда, бірақ біз корпоративтік ниеттестік үшін бізді шатастыруға тырысады деп қауіптенеміз», - деді қорғаушы.
Әбдіраимовтың айтуынша, 28 шілдеде Нұрсұлтан Күдебаев квадроциклден құлап, бұғанасының, жауырынының, төрт қабырғасының жарықшақтанған сынығы диагнозымен №7 ауруханаға жеткізілген. 30 шілдеде №4 ауруханаға ауыстырылған. Күдебаевтың жүрегі 1 тамызда сынған сүйектеріне пластина жабыстыру кезінде кенет тоқтаған. 21 тамызда ол Германияға жіберілген.
Еске салсақ, 22 қыркүйекте Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының үкімімен ҚР ҚК 317 бабы 3 бөлімінде (медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауының абайсызда адам өліміне әкеліп соғуы) қарастырылған қылмысты жасаған деген күдікпен Қанат Тезекбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпас шарасына санкция берді. Сонымен қатар анестезиолог Тұңғышбаев та қамауға алынған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігіне, денсаулық сақтау министрлігіне және Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа №4 Алматы қалалық ауруханасының бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тұңғышбаевты қамауға алу ісін бақылауға алуды тапсырды. Кейін Тезекбаевтың ешқайда кетпеу қолхатымен шығарылғаны, ал анестезиолог Тұңғышбаевтың жіберілгені белгілі болды.


adimage