Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия президентіне көңіл айтты

Күні: 11:46, 01-10-2018.

Астана. 1 қазан. ҚазТАГ – Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Сулавеси аралында болған жер сілкінісі мен цунами салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлады ҚР басшысының баспасөз қызметінен.  
«Достас Индонезия халқының орны толмас қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және апат құрбандарының отбасылары мен туыстарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.  


Жаңалықтармен бөлісу: