Нұрымбет Сақтағанов ШҚО әкімі болып тағайындалды

Өскемен. 17 ақпан. ҚазТАГ – Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.

«Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», - делінген дүйсенбідегі хабарда.

Сақтағанов 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, оған дейін 2022 жылдың маусымынан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, оның алдында Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының әкімі болған – 2022 жылдың ақпанынан бастап 2022 жылдың маусым аралығында.

adimage