Надыров Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Күні: 14:55, 27-03-2019.

Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ – Қамалжан Надыров Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қамалжан Талғатұлы Надыров ҚР денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Надыров соңғы жылдары «University Medical Center» бөлімшесінің директоры болған, Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымын атқарған.


Жаңалықтармен бөлісу: